Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  74


Автор: Жанат Әскербекқызы

Құдірет деген құс бар деп...

Құдірет деген құс бар деп
Айтатын апам бір аңыз.
Құс болса көкке ұшқан деп,
Ұғынған едік мына біз.
Жаралған қанат сыңар боп,
“Құдырет-ау” деп тек зарлайды.
Құдайдан медет сұрар көп –
Күні-түн жағы талмайды.
Айтатын апам сабырмен
Азапқа батқан құс халін.
Азапқа бір күн табылды ем –
Қуанғам естіп ұшқанын.
“Бірігіп қос құс – қос қанат
Қалықтап көкке шығыпты.
...Жанарды бұл күн жас қамап


Жарым көңілім сыр ұқты.
Жүрекке түнер түн-індет,
Жанымды жатыр мұң іреп.
Күп-күлгін кеште күбірлеп,
“Құдірет- деймін – құдірет...”




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу