Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  100


Автор: Мақпал Жұмабай

Заман-ау, заман, заман-ау, заман, заман!

Заман-ау, заман, заман-ау, заман, заман!
Не десем екен, не десем екен саған.
Тәкаппарлығым барады ұқсап Сізге,
Арпалысым да барады ұқсап саған.
Жүгірем жүйрік Сізбенен қатарласып,
Жүрегімдегі күркіреп теңіз тасып.
Автобустармен жүйткиді журналист қыз
Аманаттарды азаматтарға тасып.
Тербейсің мені, тербейсің ырғағыңмен,
Бесігің де — мен, бәрібір құндағың да — мен,
Жақсы көресіз Сіз мені, Мәртебелім,
Күркіреп көктемдеріңде тұр-ға-ның-мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу