Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  124


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Ақын өткен...

Жаны – көктем,
Өлеңді жарық еткен.
Жанып өткен
Өмірден налып өткен...
Қамсыздардын жүрегін сілкіндірген,
Ары неткен таза еді, ары неткен!
Арсыздардың өзегін жарып өткен
Бағы көптен өлеңді салым еткен,
Ағып өткен жұлдыз боп, бағы көптен.
Жетесізді желкелеп қағып өткен,
Шағып өткен, қамшымен салып өткен.
Жетеліні жырымен қарық еткен.
Жақын еткен бейішті ақыреттен
Ақын өткен, осындай ақын өткен.
Күйіктенген өмірін нақыл еткен,
Ақын өткен уды да татып өткен,
Биіктерден əрі асып аты кеткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу