Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  115


Автор: Имашхан Байбатырұлы

«Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін»

Өзің үшке бөлінсең
Өзге бөлер алтыға.
Көзің ала көрінсе,
Сөз де келер халқыңа.
Бəйтеректей мəуелі
Түп тегімді пайымда!
Айтып өтпей əуелі
Бүккеніңді уайымда!
Ұлымын деп шалқайма,
Кішімін деп еңкейме!
Інімін деп ортайма
Кісі күндеп көркейме!
Керей демей– мерей де,
Уақ демей– шуақ де.
Кедей демей– кеңей де,
Қуат де де, мұрат де!
Жақтар болсаң– бір мықты
Арлы ұғымды тұр ісің:
Сақтар болсаң бірлікті
Барлығың да ҰЛЫСЫҢ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу