Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  64


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Шынымды айтам

Жарты белес өліп-талып шыққаным,
Алтын емес аузымдағы тыққаным.
Бар қазынам– қызылшақа өлеңім,
Артық емес алтын, одан ұққаным.
Боран тұрар булықпайтын үніменен,
Ет жүрегім сай-сай болып тілінген.
Қалай ғана құлыптармын тілімді,
Бодан болып, өліп қайта тірілген.
Сонда менің бақытым да, сорым да!
Сорлап едім, құты қашты оның да.
Тіл дегенің бұлбұлым ғой, сайрасын
Қорған – ЕЛІМ, ұстама оны торыңда!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу