Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  100


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Əппақ қыс

Арбиып қаңқасындай ірі қараның,
Салақ бұлт сүйретіп жүр бір балағын.
Секілді ашық аспан мұз айдыны,
Мəнерлеп күн тебеді сырғанағын.
Əппақ қыс сылаң қағып құлын мүсін,
Ақ қырау шөптің таңдап тұлымдысын.
Ағашқа жолап кетсең ақ шəлілі,
Шашады ақ мəрмəрдің үгіндісін.
Əппақ боп алыс тау мен жақын жазық,
Таба алмай таңдайына татымды азық.
Бетіне ақша қардың аң-құс біткен,
Кетіпті табанымен атын жазып.
Белгісіз булыға ма, бұлқына ма,
Тентек жел жағаласпай бір тына ма.
Əппақ қыс аяз болып
Жылқышының,
Ұя сап үймелейдің мұртына да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу