Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  92


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Болар ма төкпе жомарт дала мұндай....

Болар ма төкпе жомарт дала мұндай,
Ауылдың толтырыпты табағын май.
Егіннің тақта-тақта танаптары,
Толқыған ұлы өзеннің тарамындай.
Болар ма кербез сылқым дала мұндай,
Аспанның күлімдейді қабағында Ай.
Толқиды ерте піскен егін басы,
Үкінің үлпілдеген балағындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу