Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  79


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Япыр-ау, салқын еді дала неткен!

Япыр-ау, салқын еді дала неткен!
Топ қозы көрінбейдің ана беттен.
Жағасын өзен – көлдің құлазытып,
Аққу, қаз əн мен жырын ала кеткен.
Келбеті кеше ғана осы араның,
өңіндей емес пе еді тошаланың.
Қояды тауда боран өксіп-өксіп,
Кім көрген көңілінің босағанын.
Шағында паң даланың анық тойған.
Алқапта пішеншілер салыпты ойран.
Шопандар үйін артып қоя беріп,
Жайлауда отар қоймен қалып қойған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу