Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  68


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Шананы тастап киіп бүліспенен

Шананы тастап киіп бүліспенен
Өзеннен белбеу буып күмістен,
Жігіт – жер сыланғанда сал табиғат,
Аспанның алқасы ғып күн істеген.
Жұлдыздан жаудыратып моншақ тағып,
Қыз – аспан күлген шақта мол шаттанып,
Орманнан жігітке де үкі тағып,
Беріпті. Қызғаншақтан соң сақтанып.
Ақыры жер мен аспан некелесіп,
Жөнелген жеңгетай – бұлт жеке көшіп,
Тау дейтін тəй-тəй басқан бөбектері,
Ойнап жүр қолдарынан жетелесіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу