Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  88


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Ауылға кеп, демалыстан жүргенде

Ауылға кеп, демалыстан жүргенде,
Тентек ұлдай шолжаңдаймын мүлдемге.
Ерсілігі жоқ болса да өзі ме,
Қолайсыздау бопты, ақыл білгенге.
«Көп берсеңдер қона – түней жатамын»
Аз берсеңдер азын берем батаның
Бағыланның етін ғана ас етіп,
Сусыныма «асау судан» татамын.
Ағайыннан шыққан асыл тектім ғой,
Десеңіздер-күтерсіздер! – деппін ғой.
Туыстардан сый-құрмет көрсем деп,
Қайтып үйге есалаңдау кеппін ғой.
Асқарбастан бұйырмасын еш енші
Сары қаймақ ақ ірімшік жесемші!
Қымызды емес, ашты арақты сұраған,
Мен не деген ақымақпын десеңші?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу