Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  83


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Диқан

Саламын жандай болып тойда сынар,
Тұрса да күн өртеніп ойға асығар.
Диқандар иелері мол байлықтың,
Жер деген жеті қабат қоймасы бар.
Бетіне тақта-тақта шимай қонып,
Егіндік қатпар-қатпар мидай болып.
Үзілсе маңдайынан мөлдір моншақ,
Шығады үкі тағып, бидай болып.
Жер қамын жатып тілеп, тұрып қалап,
Демейді қолтығынан тұнық талап.
Көктемде картоп сепкен алаңына,
Кеткендей жүз мың аққу жұмыртқалап.
Таппайсың күзде жомарт, салды мұндай,
Алғыстар жауады жаз жаңбырындай.
Ақ нанмен тұрады ол даңқын жазып,
Жер оның алтын тыққан сандығындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу