Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  71


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Шопан аулында

Жырымдап түн ұйқысын сегіз бөлек,
Белсеніп геологтай кен іздемек,
Қолына шырақ алып, əр саулықтың
Қарайды қозысына егіз бе деп.
Шопанның орындалып бір тілегі,
Ұшады көгершін боп күлкілері,
Жас қозы тəй-тəй басып, аяқтанып,
Маңайын шыр айнала түртінеді.
Көз тастап қора жайға тоқырасақ,
Шөп-нанын, кебек-жентке қосып асап,
Саулықтар тойып алып қалжасына,
Төрінде шіренеді көсіле сап.
Алтын жүн, əппақ сүт боп қызыл қойлар,
Көктемде тұрып шопан күзін ойлар.
– Ел білер Еңбек Ері болсам – деген,
Арманға жетелейді қызу ойлар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу