Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  106


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Əкетсе де сиқырлап арман – құсым...

Əкетсе де сиқырлап арман – құсым,
Шықпайды естен жалын болып жанған тұсым.
Қызылтөбе-ау, егделеп қалғанбысың?
Көп болса да əкемнің немересі,
Неге тау деп қозбайды делебесі.
Жастық жалын сияқты жасыл өңің
Қуқыл тартып қалғаны неменесі?
Қыстау қайда?
Құт қонған қора қайда?
Саған ешкім жан тартып жоламай ма?
Өз көзіме тұрамын мен өзім сенбей,
Бағаласа гүлменен орамай ма!
Шықпасам да қомқор боп қалауыңнан,
Үзіп-жұлып берейін алауымнан.
Шыға келші алдымнан балалық боп,
Иіскейін кеп тарбиған танауыңнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу