Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  76


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Менің тілім

Менің тілім емес, сірə, азған тіл,
Болса – болар тұқияңды қазған тіл.
Менің тілім – əрқашанда ұлы тіл,
Ұлы Абай мен ұлы Мұхтар жазған тіл.
«Бойыңды алып, əн боп кіріп құлақтан,
Дұшпанды да қырқай шалып құлатқан.
Жылағанды Абыз болып жұбатып,
Екі көзді ажыратқан бұлақтан.
Менің тілім тозбас мүсін қашаған,
Қобылан мен Ертарғынды жасаған.
Хан-сарайға бірге кіріп тазшамен,
Хандарыңды алып ұрған ашадан.
Фарабимен құдіреті білінген,
Ұлы тілмен сойлеп тұрмын бүгін мен,
Космодром – Байқоңырдың өзі де,
Аталған ғой менің ұлттық тіліммен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу