Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  74


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Шынарың да көгілдір...

Шынарың да көгілдір,
Мұнарың да көгілдір.
Жалының да көгілдір,
Сағымың да көгілдір,
Шуақ болып төгілгір,
Аспаның да көгілдір.
Тастарың да көксерек,
Болғаннан соң Көкше деп,
Қазақ атам атапты-ау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу