Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  60


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Ауылыма жаз келді

Сиырып бұлтын тастады
Сұңқарлар ұшқан аспаны.
Сұлу бір биді бастады,
Сұңғыла туған жастары.
Құлпырып шығар айына,
Құба бел, құла сайы да.
Құт мекен жағып жайына,
Құлындап тұрар тайы да.
Əн менен күйдің сазы да –
əңгіме, əзіл, базына.
Əндетіп келіп қазы да,
Əлдилеп тұрар жазы да.
Жері де мама-құнарлы,
Жетілткен сұлу шынарды.
Жанымның сағы сынарды,
Жырламай өтсем бұларды.
Жан ғой деп бөгде, шошынбай,
Жатың да күтер тосыңдай.
Жадырап жаздай жасарған,
Жайсаң ғой ауылым осындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу