Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  85


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Жолаушы сыры

Өмірі қызық-ой ғой жолаушының,
Қалады қолын бұлғап сонау шыңың.
Аспаның ақша бұлтын қауырсындай,
Көтеріп төбесіне ауырсынбай,
Қалады қолын бұлғап сонау шыңың.
Жататын сағымданып анадайда,
Көсілген көк теңіздей дала қайда?
Беліне бір өзенді орап алып,
Қойыпты артымызда ода қалып,
Қалмаса көк теңіздей дала қайда...
Келемін жолаушылап жан аманда,
Күніне кезігемін сан адамға.
Біріне арман болып қиялдайтын,
Біріне жолдас болып қия алмайтын,
Күніне кезігемін сан адамға.
Жол қанша жердің бетін өрнектеген?
Бір жолмен мен де жылжып өрлеп келем.
Болсын деп арым биік қарағайдан,
Кеудемде күнде болып дара майдан,
Бір жолмен мен де жылжып өрлеп келем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу