Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  51


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Ізде мені

Күннен ізде нұр сəулесін құлатқан,
Қырдан ізде қызғалдағы гүл атқан.
Ізде мені гүл үстіне шық тамса,
Ізде мені алға асыққан бұлақтан.
Сұра мені көлде жүзген аққудан,
Сұра мені жылқышыдан ат қуған.
Ізде мені күлкісінен сəбидің,
Мен сондамын қайда болса шат думан.
Бақша гүлдеп, бұлбұл қонып əн салып,
Бар табиғат тыңдай салса тамсанып.
Сұра мені сұрай-сұрай табарсың,
Бақыт шамы маңдайыңа жанса анық.
Сұра мені шықса таудан жаңғырақ,
Ізде мені атқанында таң күліп.
Мен де сені іздеп келем мəңгілік,
Таба алмасаң кетті деп біл қаңғырып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу