Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  77


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Дəрігер болсам мен егер...

Қанжілік боп жүргенсін,
(Болатындай тіл мен сұқ).
Диагноз де қоймас ем,
Білмей тұра білгенсіп.
Шаршасам да азбас ем,
Тимес дəрі жазбас ем.
Сырқат жанға ұрысып,
Ата-тегін қазбас ем.
Қарамастан жайыңа,
Бір көрініп айына.
Көріп, емін жаздым деп,
Кетпес едім жайыма.
Ұйқымды да бөлер ем,
Қайта-қайта көрер ем.
Дерт шипасын тапқанша,
Неге болсын көнер ем.
Аз болса да берерім,
Сырқат қамын жер едім.
Сауықпасын білсем де,
Сақаясың дер едім.
Сұрамай еш кісіден,
Халін біліп түсінен.
Жүрер едім əр қашан,
Аяғымның ұшымен.
Бір тоқтамға жетпесем,
Болницадан кетпес ем.
Той-думанда жүргендей,
Даңғыр-даңғыр етпес ем.
Жанмен көзін ілмеген,
Ауырар ем бірге мен.
Сұрар едім басқадан,
Ісім болса білмеген.
Қосылатын жылында,
Жаңалық көп ғаламда.
Соларды оқып үйренбей,
Көрмес едім тыным да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу