Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  63


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Ауыл көктемі

Байлық пен бақыт тұрағы,
Жадырап, жайнап тұрады.
Даласы балқып маужырап,
Аспаны нұрмен тұнады.
Асығып алға бұлағы,
Шақырып ауыл тұрады.
Өрекпіп тұрған көңілді,
Өзіне тартып бұрады.
Күлкісіз күні батпайды,
Сауықсыз таңы атпайды.
Жазықта қойы маңырап,
Төскейде жылқы қаптайды.
Сиыры өріп ой жаққа,
Түйесі шығып мойнаққа.
Қораға барсаң құлпырып,
Қозысы жүрер ойнақтап.
Төлдеген қойын құп алып,
Шөлдеген қойын суарып.
Бойжеткен жүрер бұралып,
Төлдерге қарап қуанып.
Базар ғып байтақ даланы,
Думанмен шамы жанады.
Ауылға барсаң жолың боп,
Əнімен қабыл алады.
Салтынан ауыт баспасаң,
Əдептен ары аспасаң.
Кетеді соңы той болып,
Бір ауыз өлең бастасаң




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу