Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  71


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Оу, достарым таласпаңдар бекерге...

Оу, достарым таласпаңдар бекерге,
Сусыз жерде балық тірлік етер ме.
Басқа жерде қайырылған балықпын,
Туған жер, туған жерім сені еске.
Сусыз балық не тірілікті сезінесің,
Көксіз қыран қалай ғана көз ілесің.
Айналайын, қасиетті, туған жер,
Менің көлім, менің көгім– өзіңсің!
Бола тұра өзіңе айдан анық,
–Иə Имаш, демалдың қайда барып.
Қанша қостың? Өңейіп қалыпсың ғой–
Деп сұрайсың Досым, бұл қай балалық.
– Қара теңіз дегенді білесің ғой,
Сонда болдым.
Иə, өзің күлесің ғой.
Ой, шіркіннің ауасы-ай майда қоңыр,
Ол да болса бұйырған үлесім ғой.
Балғын майса аумаған мамық шығар,
Бағлан еті – бал деген анық шығар.
Сəйгүлікті жіберсең көсілтіп бір,
Құмарыңнан беу, шіркін, алып шығар.
Шумағымен денемді бұлауласам,
Бал қымызын сіміріп тұмау басам.
Айығамын бəрінен құлан таза,
Шалғынына шалқамнан бір аунасам.
Тұрақ тапқан қашаннан сорлы бабам,
Қызыл төбе бақыт боп қонды маған.
Менің қара теңізім – Қызыл төбем,
Қызыл төбем бар болса болды маған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу