Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  85


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Жалғыз қалған үйрек

Жайлы жазда жақсы үміт,
Туғанына бір ішті.
Екі өлеңі басылып,
Жуғанына бір ішті.
Мұныменен қоймады,
Туған күнін тойлады,
Бүркіт ағам күшті деп,
Балапаным ұшты деп...
Қаз туысы қонақ болды,
(Стаканы он-ақ толды).
Əйелінің келіні босанды
Ол үшін қоса алды.
Бұлбұлдың əні үшін деп,
Аққудың сəні үшін деп,
Жүріп те ішті, жатып та ішті,
Сұрап та ішті, сатып та ішті.
Жеттім деген ой болды,
Күн сайын той болды.
Бір күні сергісе:
Құс кетіпті, құс келіпті.
Басына жалғызшылық іс келіпті,
...Елдің тисе қарғысы,
Белгілі ғой арғысы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу