Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  60


Автор: Жанат Әскербекқызы

Бұлттың өксігенін тыңдадым...

Бұлттың өксігенін тыңдадым,
Жел,
кетші дедім, қыңбадың.
Әлем жалғастырды мұңлы әнін.


Бұлтқа қолым жетпесін білдім,
Көңіл әуенімен көкке сүңгірмін,
Бір күн –
жадында қалар мың күннің.
Бұлттың бұлқынғанын көргенмін,
Аспан
Күрсінгенде шерлендім,
Жер,
таңырқай көрме, саған
Көктің көз жасы болып келгенмін.
Бұлттың естігенмін солқылын,
Мұңын
деміммен келді желпігім,
...Жерден бу болып ұшсам бір күн
Күліп
Қарсы алар ма екен төркінім...



Шілде, 2002ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу