Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  87


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Қанатым болмаған соң...

Қанатым болмаған соң,
Ұшуды ұқпадым ғой.
Тағатым қолдаған соң,
Құшуды құптадым ғой.
Ағынды болмаған соң,
Мешеу боп қала бердім.
Арымды қорлаған соң,
Шешен боп сала бердім.
Даланы шолмаған соң,
Асқарды қаламадым.
Даналық толғаған соң,
Бастарды бағаладым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу