Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  89


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Біреу мені шамдайды күлесің деп..

Біреу мені шамдайды күлесің деп,
Ұшып қонып жарқылдап жүресің деп.
Қабағымды қалайша бұлт бүркемек,
Күлкім менің қалайша түгесілмек.
Біреу мені шамдайды тайқамастан,
Сөйлейсің деп алдыңды байқамастан.
Əрбір басқан ізімді шотқа қағып,
Тебермін бе құшақты айқара ашқан.
Күртілдетіп тісімен тал кесетін,
Нардың күші бойында бар десетін.
Кезіміз ғой қолменен жалын ұстап,
Жалаң аяқ ақпанда қар кешетін.
Қанаты бар сұңқардың талмайтұғын,
Тұғырында таппайтын жанбай тыным.
Жастық деген жалын ғой,
Плитка емес,
Қалауыңша өшіріп – жалғайтұғын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу