Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  76


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Тобан аяқ торыларды дүлдүл деп...

Тобан аяқ торыларды дүлдүл деп,
Қанаты бар торғайларды бұлбұл деп.
Есе бермей мың ағайын, жүз досқа,
Біреулерді мақтап жүрміз біз босқа.
Бəрі де арзан, өлшер болсақ құн жасап,
Бəрі өткінші көтермелеу шындасақ.
Зейін қойып анығырақ тыңдасақ,
Бұлбұл болып құзғындар жүр мың жасап.
«Салса бізге төрелігін» əманда,
Дұрыс! – дейміз көзді жұмып табанда.
Жапалақты ақиыққа теңейміз,
Бірақ ертең ұрпақтарға не дейміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу