Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  107


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Атым шығып алашты жыққамын жоқ...

Атым шығып алашты жыққамын жоқ,
Айыл тартып алысқа шыққаным жоқ.
Сонан болар, тулақтай туған жерім,
Сенен ыстық жер бар деп ұққамын жоқ.
Алласымен бірге айтар қысылғанда,
«Алтын бесік – туған жер» мұсылманға.
Сонан болар, қадірлі туған жерім,
Сен артықсың мен үшін Мысырдан да!
Қалай ғана ұрпағың келмей шыдар,
Алыс кетсе көз жасы селдей шығар.
Қара теңіз – курорт деп жүргендері,
Мақтанғанда, туған жер, сендей шығар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу