Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  76


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Ақын достарға

Биік атақ – шындарға қатынасақ
Өрмелейік өлеңнен саты жасап.
Лақтырып тарих тастар өзі,
Тары ғұрлы таңдайға татымасақ.
Қоян бұлтақ тірлікке көнбегейсің,
Шығып алып шырқауға, көр дегейсің.
Сатың қанша орнықты, биік болса,
Соншалықты биікке өрмелейсің.
Қиындықпен, күреспен қашай барып,
Өмірге өзі тұлғаңды жасайды анық.
Биіктерге сатысыз өрлегендер,
Құсады да құлайды басы айналып.
Өлең тастап қазына – мұрамызға,
Үлгі болып кетейік жыр-аңызға.
Саты жасап өлеңнен өрмелейік,
Мəнсап деген немені ұрамыз ба?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу