Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  65


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Көктем таңы атарда.

Көктем таңы атарда,
Еңбексіз ас батар ма?
Қалмайын деп тұғырдан,
Шығам күнде сапарға.
Жаздың таңы атарда,
Ақын үйде жатар ма?
Гүл орнына жыр теріп,
Шығам күнде сапарға.
Күздің таңы атарда,
Көңіл мұздай қатар ма?
Сағынышты сыпырып,
Шығам күнде сапарға.
Қыстың таңы атарда,
Ақынды аяз, матар ма?
Қардай аппақ жүрекпен,
Шығам тағы сапарға.
Жоқ іздеген күнменен,
Жалғасады түн деген.
Жақсы жырдың жолында,
Жолаушымын күнде мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу