Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  74


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Ақ маралым

Айнымайды реңің,
Қыр гүлінің түсінен.
Жақсы гүлдің біреуін,
Сенсің ғой деп түсінем.
Қайырмасы
Ақ маралым ақ маңдай,
Көзіңнен таң атқандай.
Қабақ түрсең, ақ еркем,
Сезінем күн батқандай.
Сенің еңбек əніңмен,
Оянады таң далам.
Бақытым деп,
Қарсы алам да таңданам.
Қайырмасы
Келбетіне нұр тұнған,
Кең пейілді арайлым.
Жүрегіңде бұлқынған,
Өзім ғой деп санаймын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу