Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  66


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Ана сағынышы

Көтеріп ақ тілекті ана атымен,
Сен күлсең көкке жетіп қалатын ем.
Құлыным, саған деген сəлемімді,
Ұшырдым қарлығаштың қанатымен.
Бақ гүлдеп, бұлбұл қонса əн сап тынбай,
Қу құлақ елеңдейді жаңсақ тыңдай.
Анаң жүр ақ жаулыққа жасын түйіп,
Құлыным, оралсаңшы аңсаттырмай.
Арманым ақ аспандай еңселеді.
Сені іздеп ақ қайыңдай теңселеді.
Жабыққан көңілімді жарық еткізіп,
Құлыным, күнше күліп келсең еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу