Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  78


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Улаанхус – кəдірлі сый ана

Ұрпағын ұшырған қияға,
Улаанхус кəдірлі сый ана.
Заманмен бірге сен гүлдесең,
Құшаққа қуаныш сия ма.
Қайырмасы
Жүзіне қонып нұр сағым,
Өзіңде көктем гүл өскен.
Жасампаз туған ұрпағың,
Қойныңнан бақыт үлескен,
Ыстық-ау сенің құшағың.
Анамдай аңсап құшамын.
Көгіңнен атқанда таң күліп,
Бұлбұлың болайын əн біліп.
Туған жер, өзіңнен айналдым,
Жайна сен жырым боп мəңгілік.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу