Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  113


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Сымбатты Бесбоғда

Бесбоғда құтты мекен дара туған,
Қойнынан бақыт, дəулет таратылған.
Бесбоғда шоқтығындай жеріміздің,
Бесбоғда сұлулықтан жаратылған.
Қайырмасы
Паң болып жаралған,
Таңменен таралған.
Аймалап нұрлы аспан,
Айменен сырласқан,
Сымбатты, сұлу Бесбоғда.
Мал толған, ырыс қонған атырабы,
Көркімен мен мұндалап шақырады.
Қойныңда еркін өскен еңбекші ауыл,
Таңды да думан тоймен атырады.
Қайырмасы
Паң болып жаралған,
Таңменен таралған.
Аймалап нұрлы аспан,
Айменен сырласқан,
Сымбатты, сұлу Бесбоғда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу