Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  130


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Бұлғын жастарының вальсі

Елінде дəулет тасыған,
Кетпеген бақыт басынан
Ағаның биік мұратын,
Үлгіге тұтқан жасынан.
Нұрынан таңның нəр алған,
Жырменен егіз жаралған,
Бұлғынның дарқан төсіне,
Шуақпыз күннен таралған.
Қайырмасы
Дауылға басын имеген,
Жүрегін қайғы сүймеген.
Құт мекен тола мал баққан,
Жастармыз əнмен билеген.
Даласын əнмен тербеген,
Қаласын сəнмен зерлеген.
Жаны жаз, жарқын жастармыз,
Қияға құлаш сермеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу