Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  86


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Əлем тілегі

Адамзат құдіретті, асқар мықты,
Өмірге қаламайды қастандықты,
Тілейді бүкіл əлем тыныштықты,
Достықты, махаббатты, бостандықты.
Жер – ана жарақатты тілемейді,
Қасырет жүректерге түнемейді.
Тілейді бүкіл əлем тыныштықты,
Арманын адамзаттың түбегейлі.
Сəбилер жетімдікті қаламайды,
Аналар əділетті бағалайды.
Тілейді жердің үсті тыныштықты,
Мəңгіге жасасын деп таң арайлы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу