Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  68


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Жаңа жыл

Жылменен жер төсіне нұр тұнғандай,
Жырменен бүкіл əлем бұлқынғандай.
Жаңа жыл – мол қуаныш, бақыт, арман,
Жаңа жыл жомарт қандай, сылқым қандай.
Қайырмасы
Жаңа жыл – ақ тілек,
Махаббат шуағы.
Жүрекке бақ түнеп,
Сыр болып туады.
Күнімен, түнімен,
Достықтың үнімен,
Шат күлкі, ақ арман.
Тасиды жанардан
Жыл келді заман жүгін арқалаған,
Жылдармен ғасырларды тартады адам.
Жаңа жыл – бейбітшілік айнымаған,
Жылдарың құтты болсын дарқан адам.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу