Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  79


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Өлгий жастарының маршы

Жаралғандай жалыннан,
Тұлғасымен танылған.
Жырға толы жас жанымыз,
Дос еткен еңбекті,
Біз Бай – Өлгий жастарымыз,
Таң нұрлы келбетті.
Қайырмасы
Баулыған гүл еліміз,
Ер боп туған.
Ерлік қуған,
Түлегіміз.
Жүзі жаз, жаны жарқын,
Шын сүйген туған халқын,
Жүректі қайтпас жастармыз.
Дəнге бөлеп даласын,
Əнге бөлеп қаласын.
Мал толтырып өлкесіне,
Сан үйлер қалаған,
Біз отанның еркесіміз,
Жасампаз жаңа адам.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу