Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  132


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Сөз болу деген қиын ба...

Сөз болу деген қиын ба,
Терледім бір күн жиында.
Талай ой түсіп итжығыс,
Талай ой тұрды миымда.
Біреуі: «қаңқу сөз» – дейді.
Біреуі: «шыда, төз» – дейді.
Біреуі: іштен сыбырлап:
– Бұл істен мүлдем без!– дейді.
Көңілді тұман, қар басып,
Ұятқа сан ой жармасып.
Сан ойлар түсіп итжығыс,
Сан ойлар жатты арбасып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу