Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  86


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Төгем деп жасты моншақтап...

Төгем деп жасты моншақтап,
Алдымда жатыр жол– шатпақ.
Класта қырық шəкірттің,
Үлгеру саны он шақты-ақ.
Бұларға нендей мін тағам.
Бұлармен нендей тіл табам?
Жауабым – үрей тұңғиық.
Шалады келіп қылтадан.
Мен мендік тағы шалыс кеп,
Көрсетті көпті алыс деп,
Өзгеден сұрап, білуді,
Ойладым бойға намыс деп.
...Класқа кіріп барсам-ақ.
Толқынды жаным жар сабап.
Көк теңіз болып тулайды,
Кеудемді жүрек тар санап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу