Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  63


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Көңілім шіркін, – ақ торғын...

Көңілім шіркін, – ақ торғын,
Дегенде бұл кез тапты орнын.
Сəтсіздік шығып жолымнан,
Бір іске тағы тап болдым:
Дəптерін жыртқан бір беттен,
Кітабын тұтас кірлеткен.
Алдымда отыр бір «батыр»
Айтсам да: «таза жүр» деп мен.
«Мұғалім» – десе ізетпен,
Гүл өсті – деуші ем біз еккен.
Көңілді бүгін мұздатып,
Журналдан баға түзеткен.
Тең көріп мені есекпен,
«екіні» түзеп «бес» еткен.
Иесін тауып сол сəтте,
Ұрғым да келді кесекпен.
Көңілдің құлап аспаны,
Кірпігім жаңбыр бастады.
Кластан шықтым бұлттанып,
Білмедім бұдан басқаны....
...Ұстамай баста тізгіндеп.
Ақыры жарды сүздім кеп,
Шақырып завуч тағы ұрысты.
– Бір сағат сабақ үздің деп,
Қайта кеп ұрыстым балаға.
Ақылым кетті далаға,
Үйіне жылап ол кетіп.
Тап болдым енді жалаға,
Шешесі баспай ентігін,
Ұлының жұлып дең түбін.
-Киімін жыртып сабапсың,
Же,– деді – мұның жемтігін...
Қалақай тілді, шоқ – таңдай,
Əйелдер деген топ қандай.
Арымды таптап күл етіп,
Ұшырды құйын соққандай,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу