Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  67


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Телқоңыр

Замана шыға келіп дəл кешегі,
Босқындап домбырада ел көшеді.
Бір кезек жас арудай сылқым басып,
Бір кезек батыр болып белдеседі.
Айырылып ел биліктен, гүл реңінен,
Кездер бар бозіңгендей күңіренген.
Кездер бар айырылған қарындастан,
Сол үшін домбыраға жүгінем мен.
Қондырып көңілдерге шуақ аспан,
Қанатты қиялдарды жұла қашқан.
Бұл күйдің ұшан теңіз аңызы бар,
Ұғады бастан-аяқ құлақ асқан.
Ел ақтап, бақыт тауып домбырадан,
Құлақтар қаз-қалпында ол бұраған.
Күй қалып көкіректі жарып шыққан,
Бимəлім ұмытылыпты сол бір адам.
Тəтті күй мұра қылған бізге сені,
Күйші кім? Іздеп көңіл із кеседі.
...Ақынның қиялынан қайта туып,
Оқушым, сеніменен жүздеседі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу