Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  76


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Көктем

Нұр көктем, шопандарға сыйлы көктем,
Гүлі мен қошақанын сыйлық еткен.
Бұл көктем азан-қазан қой дауысы,
Нұр көктем қуаныш боп сүйді беттен.
Бұл көктем – азайған кез қыстың əлі,
Нұр көктем көбейген кез құстың əні.
Бұл көктем тоң сирақты суық мезгіл,
Нұр көктем жер бусантқан ыстық əрі.
Аққан сең ағын судың бетіменен,
Ақша қар тау басында сетінеген.
Бұл көктем – қалт-құлт еткен арық саулық,
Буыны қатаймаған, бекімеген.
Бұл көктем – шопандарға толы қыспақ,
Жүргені кере қабын қолына ұстап.
Тоймаған қозыларын жайғызады.
Арығын мый батбақтан қорығыштап.
Бұл көктем – мол өнімге батыл байлам,
Қыстағы арпалысқан ақыл – айлаң.
Шопанның еңбегінің жанар кезі,
Нұр көктем – тəтті ұйыған қатық айран.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу