Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  75


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Шопанның төрт мезгілі

Даланың дара туған алыбындай,
Қаланың қасқа маңдай ғалымындай.
Осы бір қасиетті қойшылардың,
Қадірін жүр екенбіз əлі ұғынбай.
Қаңтарда қаймықпаған, жасымаған,
Шопандар асып туған, асыл адам.
Өзінің қойларындай ащылаған,
Қаланың серілерін асыраған.
Болмаған жанын күтіп, басына алаң,
Шопандар асып туған, асыл адам.
Көңілі шуағындай көктеменің,
Жүрегі жақсылыққа ғашық адам.
Шілденің ыстығына тайқамастан,
Кеудесін ақпанда да айқара ашқан.
Байлықтың бағып күтіп қайнар көзін,
Даланың бөрісімен тайталасқан.
Кең пейіл, ақ ниетті кісі қандай,
Шопанның күзі қандай, қысы қандай.
Жайдары жазы менен көктемесін,
Ұят-ау жүргеніміз түсіне алмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу