Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  51


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Партияға

І
Жоғалтып жалшылықта бала кезді,
Жыртық тон киіп бабам дала кезді.
Жұлым ас жұтқызғанын қымбат көріп,
Жəбірлеп бай оқтады ала көзді.
Қайғы – мұң көкіректен бір кетпеді,
Қой бақты қаршадайдан дірдектеді.
Қайығы – арманы боп жүзсе дағы,
Қалаған жауқазыны гүлдеп пе еді?!
Қара түн қара бұлттан айшық іліп,
Қамауда жатты күн мен ай шынығып.
Қайратын турап, турап қайғы жиған,
Қиялын қасіретті майшы қылып.
ІІ
Жаз келген арман – құсым күзде түлеп,
Жапанды кезбедім мен түзге түнеп.
Жасымнан жабырқауды білмей өстім,
Жақсы өмір жайлы күнін бізге тілеп.
Ауыт жол аяғымнан бір шалмаған.
Арымды тот баспаған, кір шалмаған,
Аялап Партия – ана өсірген соң,
Ақ шашты басын иді жыр – шалмаған.
Арманым о, Партиям, сенде менің!
Аяулы ана – не десем, сен дегенім!
Асады асқарлардан туыңды ұстап!
Ақыл – ой, қуатыңа сенген елім.
Күн сайын батыл қадам басады елім,
Күн сайын сан жаңалық жасады елім!
Күлімдеп сен тұрғанда Партия – ана,
Келеді күніне бір «жаса» – дегім.
Тұлпардан артында асыл тұяқ қалып,
Толқытса, мен деп ойла күй ақтарып.
Тулаған ақ жүрегім өзіңнен бір,
Тұрады Партбилетім сияқтанып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу