Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  83


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Сөз басы

Ақ жаңбыр болып құйылар,
Жанымның жалын күйі бар.
Асылым болса, туған ел,
Өзіңе ғана бұйырар.
Жүрекпен ғана оқылар,
Жанымда жырдың оты бар.
Қойнында сенің, туған ел,
Шабытым қалай тоқырар.
Шаттанып өлең – сөз десе,
Шаттықсыз көңіл төзбесе.
Түсінгей өзің туған ел,
Мінезім менің өзгеше.
Мұңайып бір сəт жасимын,
Тыңайып бір сəт тасимын,
Түсінгей өзің, туған ел,
Құдіретіңе бас идім!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу