Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  61


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Менің ауылым

Аулым қырды қыстап, бөктер жайлап,
Салты еді көшіп-қону малын айдап,
Өмірге келіп алғаш осы ауылда,
Ерке өстім құшағында алақайлап.
Есейтті шайқап мені ұясында
Сол үйді, сол ауылды қиясың ба?
Қаншама тартынсам да аттандырды
“Білімнің шығып кел”– деп қиясына.
...Сағынып өзім өскен кең алабын
Аулыма жыл өткізбей ораламын.
Еркелеймін қой жайып, тайын мініп,
Аңсай ашқан құшаққа оранамын.
Жүрсем де ауылымнан алыс-шалғай,
Тағы оралдым арманға табысқандай.
Байқамаппын ауылым ержетіпті,
Бірге оқып он жылдықты тауысқандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу