Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  245


Автор: Талғат Орманов

«ҚОСТҰРА» КЕШЕН КЕЛІСТІ

Еленген жақсы көңілге,
Елеусіз қалсаң өмір ме?!
Ел, - деген жанның бірісің,
Сиынған әркез Тәңірге.
Тірлігің дәйім татымды
Бағалар халық атыңды.
Өзің-Бек, әрі Арыссың,
Қалың жұрт білген затыңды.
Жарқырап жайнап келесің,
Шуақпен топқа енесің.
Отбасы, досты қадірле,
Бақытты содан көресің.
Айтар ой туса тартынба,
Тірлікке мән бер, сарқылма.
Биікке дәйім құлаш ұр,
Өнеге қалсын артыңда.
Елена жеңеше, ағалап,
Біз-қайның жүргін бағалап.
Еркесі елдің мен едім,
Ұлтыма түбі болар бақ.
Алла, жар болып ашылсын,
Жолыңыз жолға қосылсын.
Бабалар рухы бек демеп,
Дұшпандар мысы басылсын.
Ақарыс барда алаңсыз,
Адымда алға – қадымсыз.
Тірлігің бітпес ағасы,
Бауырсыз ісің – мардымсыз.
Гүл болып жеңге сен де егіл,
Жұмысың жүрер жеп-жеңіл.
Адамнан кешен арылмай,
Күн тусын болар шат көңіл.
Етек- жең мақсат оңдауда,
Ісіңмен тірлік қолдауда.
Қамын ет қара халықтың,
Елбасы,- деген Жолдауда.
Бағытты жолдау түстепті,
Айтқанын патша істепті.
Тірлігі бүгін – Бекарыс,
Көрінісі соның іспетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу