👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  131


Автор: Талғат Орманов

АДАЛДЫҚ

Ісіңе Елбасы таңырқай қарады,
Ұлт үшін туылған дараға балады.
Елжанды пейілің, елгезек көңілің,
Жүзіңді жұртыңа жылы етіп барады.
Жетпіс жыл желкелеу тиген жоқ оңайға,
Қазағым шашылды тау мен тас-тоғайға.
Азат күн Арайлы шуағын төккенде,
Мемлекет іргесін мықтау да оңай ма?!
Тарихқа үңілсек отар ел құлдықта,
Нәубетті отыз үш, отыз жеті сұмдық та.
Қашан ел боламыз мұраты Алаштың,
Деген ой-армандар айналды шындыққа.
Бар қызмет қолыңнан бір кезек өткендей,
Еліңде, Туған жер мейірін төккендей.
Қажырлы қайратты Отаннан аяма,
Көкемде пейілмен жаншуақ сепкендей.
Ауылда көп қазақ тәуірге балайды,
Диқан да, малшы да үмітпен қарайды.
Өзіңе артады сыртыңнан сенімді,
Тоғыз сөз түйіні, тұлға бір санайды.
Ақынға бір Алла бергендей толғаныс,
Сөз емес ісіммен тигізем қолғабыс.
Биіктен көзсалсаң алдағы мақсатқа,
Секілді мақтау сөз, берілген-Аванс.
Ендеше үмітті арманға жеңдіріп,
Қажетті азықты мейлінше өндіріп.
Төменге қарамай еңсені көтеріп,
Жүретін шақ туды желмая желдіріп.
Арала кең-байтақ дархан ел алабын,
Тірлік қыл-әрекет, тап та пұл санағын.
Соғылған мектептер, балалар бақшасы,
Делебе қоздырып, ақын боп барамын.
Әр жылмен әр үйге қуаныш енгендей,
Жақсылық шырайын әрбір жан көргендей.
Кәмелет жасына бозбала толғандай,
Нұрсұлтан ағаның айтқаны келгендей.
Аңсаған көпірлер ауылға салынды,
Шалғай жұрт көлікпен қалаға ағылды.
-Ақшаңқан тіректер фельдшерлік неге жок?
Шалғай ел шалы да жиында қағынды.
Мән берсең сөзіне емес сын тарлықтан,
Біртіндеп болар-ау, бекерге қарлыққан.
Пейілді кеңінен салайық ағайын,
Жоқтықтан сөз емес, айтылған барлықтан.
Осылай даурыққан жандар да көсілер,
Самалдай жиында қамқор сөз есілер.
Сақтайық сабырды, шырқын ел бұзбайық,
Өзекті мәселе ол да бір шешілер.
Ауыз су ауылға біртіндеп енеді,
Басшылар көңілді ретімен бөледі.
Бұл да бір қой кезек секілді ауылда,
Асықпа ағайын саған да келеді.
Лайықты басшыны өзіңнен көреді,
Рухы бар жампоздар маржан жыр төгеді.
Серік ет жаныңа адалдық-ұятты,
Соңыңа дүйім жұрт сүйсіне ереді.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы