Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  107


Автор: Талғат Орманов

ТӘУЕЛСІЗДІК САМАЛЫ

/«Құрмет» орденінің кавалері, Ордабасы ауданының
Құрметті азаматы Болат ҚЫРЫҚБАЕВҚА/
І – Бастау
Енжармыз халқым әй-тегі,
Олимпиада өтті жәй-тегі.
Оңтүстік оян! талант жүр,
Ауылда-тапсақ қайтеді.
ІІ- Сергектіктің сарқыты
Қарағай қызы қалпында,
Ұрынбай ешбір салқынға.
Топ жарып Самал келгенде,
Тірелді жаны алқымға.
Елестеп ойға өткені,
Мәреге алғаш жеткені.
Тұңғыш рет аудан жарыста,
Желаяқ болып кеткені.
Таңдайда қағып таң қалған,
Қол соғып жұртта таң болған.
Жас алды көзге - 53,
Жыл өтті артта шаң қалған.
Алаңда үміт ел сүйер,
Енді өзі іштен сыр түйер.
Шалы да кеткен бақи боп,
Қайыны, ұлы жанкүйер.
Жетпістен асқан шағымда,
Қос келін қосшы жаныма.
Атадан мирас жүгіру,
Ілесе алмас шаңыма.
Содан соң қарап көзіме,
Анықтап, нықтап сөзінде.
Маңдайға біткен Самал ғой,
Тапсырдым,-дейді өзіңе.
Сәттер-ау аз ба түңілген,
Сын шақта қазақ сүрінген.
Бауырым Болат аманат.
Ұлтжанды ұлға жүгінгем,
ІІІ- Қола медаль кеудеде, алда- Алтын
Үш күнде болды үшінші,
Күш берген апа пішім-ші.
Сабырмен жетер арманға,
Ержан мен Жанат түсінші.
Шығып та кетер жанымда,
Басыма теуіп қанымда.
Алыс пен беріс бөлістер,
Ұлысқа сор ғой, арыма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу