Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  75


Автор: Талғат Орманов

ТІЛЕК

Әріптес - бауырым Анар Аспанға/
Қып-қызыл кофта кидіңіз,
Ерлерше ұлтты сүйдіңіз.
Мінезден тауып қасиет,
Асылдан сырды түйдіңіз.
Тірлікті жүрер бағалап,
Көргенді жүрер сағалап.
Тұрысов және Қонысбек,
Көкелер жүрер ағалап.
Наурызбен шуақ көрдіңіз,
Ұрпақпен өсіп-өндіңіз.
Көгілдір аспан, арайлы,
Мерейлі жасқа келдіңіз.
Сыр ұғам терең көзіңнен,
Кенелер баққа төзіммен.
Тобырдан лайық дос таппай,
Сырластым талай өзіңмен.
Бағамдар әркез әр ісін,
Қазақтың жанып намысын.
Тұратын қайнап жан –рухың,
Бойына жастар дарысын.
Шаршатпай тірлік күйбені,
Парасат пайым түйгені.
Бауырға тілек – бақ қонсын,
Өзіндей болсын сүйгені.
Жүректен жырды біз қосқан,
Әуезді әуен Сіз тосқан.
Аман бол бауырым, көкжиек,
Тілектес саған бар Аспан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу